Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Ақсу-Жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу қызметі үшін тарифті бекіту туралы өтінімінің қаралуын тоқтатуына байланысты 2026 жылдың 7 тамызындағы сағат 11:00-де Қалқаман ауылы, Степная к., ғимарат 15/1 мекен-жайы бойынша жоспарланған жария тыңдау белгісіз мерзімге шегерілгенін хабарлайды.
Өтінімнің қаралуы қайта басталғаннан кейін жария тыңдаудың уақыты мен орны туралы қосымша ақпарат беріледі.